
Масқат, 2025 жылғы 22 желтоқсанда – Қазақстанның Оман Сұлтанатындағы Елшілігінде «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылғы қазақстан-оман ынтымақтастығының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сараптамалық-талдамалық орталықтар мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман сарапшыларын Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сөз барысында еліміздің «Әділ, күшті және цифрлық Қазақстанды» құруға бағытталған стратегиялық бағыты аталып өтті, ағымдағы жылдың он айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері аталды, сондай-ақ елдің туристік әлеуеті және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі аспектілері жеделдетілген цифрлық трансформация, жасанды интеллект министрлігін құру, банктер туралы жаңа заң қабылдау, технологияларды енгізуге, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аудара отырып, өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылатынын атап өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты – жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін прагматикалық тұрғыда арттыру.
Сонымен қатар, қазақ дипломаты 2025 жылғы Қазақстан - Оман екіжақты қарым-қатынастарының нәтижелерін қысқаша таныстырып, екі ел арасындағы саяси сұхбатың, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жанданғанын баяндады.
Елші сөзінің соңында жоғарыда аталған аспектілер мен Қазақстан - Оман ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі кеңінен талқыланды.