
Скопье, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Шетелдік инвестициялар және экспортты ілгерілету агенттігінің директоры Рефик Джемайлимен кездесті.
Қазақстан Елшісі македон тарапын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміздегі саяси және экономикалық реформалармен таныстырды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
С.Бұршақов жаңа Жолдаудың тұжырымдамалық шеңбері елдің терең цифрлық трансформациясы, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту идеясы болғанын атап өтті.
Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанаға жұмыс сапарлары барысында маңызды уағдаластықтар аталып өтті.
Ең алдымен, бұл іскерлік кеңес құру, бизнес-форум өткізу, екіжақты сауданы ұлғайту.
Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Елшіліктің презентациямен қызығушылықпен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.