Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытуда

Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытуда

Анкара, 2025 жылғы 9 желтоқсан – Конья провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Елші Еркебұлан Сапиев Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар барысында Елші Конья Өнеркәсіп палатасының төрағасы Мустафа Бююкегенмен кездесіп, тараптар екіжақты экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайын, өзара инвестицияларды арттыру әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Конья арасындағы өнеркәсіптік кооперация перспективаларын талқылады. Әсіресе ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ және химиялық өндіріс, машина жасау және тоқыма салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, делегация Коньяның бірқатар ірі кәсіпорындарын аралап, компания басшылығымен өндірісті Қазақстанда орналастыру, индустриялық аймақтардың артықшылықтарын пайдалану, сондай-ақ инвесторларды қолдау тетіктері – салықтық жеңілдіктер, экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламалары және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері бойынша келіссөздер жүргізді.

Тараптар елдің қолайлы инвестициялық ахуалы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынып, бірлескен өндірістер ашу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.