Қазақстан мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы климаттық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы климаттық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Женева, 2025 жылғы 9 желтоқсан – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ВТО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Торебаев ДМҰ-ның Бас хатшысы Селесте Сауломен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ДМҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде өңірлік бірлескен бастамалар, ұлттық гидрометеорологиялық әлеуетті нығайту, жаһандық климаттық бастамаларға қатысу және Early Warnings for All (EW4All) бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік Экологиялық Саммитке дайындыққа ерекше назар аударылды.

Қ.Төребаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атынан ДМҰ Бас хатшысын Саммитке қатысуға ресми түрде шақырды. ДМҰ-ның қатысуы және С.Саулоның жеке қатысуы өңірдің климаттық тұрақтылық пен төтенше жағдайлар туралы ерте хабардар ету жүйелерін нығайту жөніндегі күш-жігерін алға жылжытуда шешуші рөл атқаратыны аталып өтті.

Тараптар сондай-ақ ДМҰ-ның Саммиттің Орталық Азияда ерте ескерту жүйелерін дамытуға арналған тақырыптық сессияларына қатысу мүмкіндігін, ұлттық метеорологиялық қызметтер және БҰҰ агенттіктерімен өзара іс-қимылды талқылады.

С.Сауло Қазақстанның климаттық қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, күн тәртібіндегі барлық бағыттар бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.