Бейжіңде қазақ тілін үйренушілер арасында байқау өтті

Бейжіңде қазақ тілін үйренушілер арасында байқау өтті

Бейжің, 2025 жылғы 6 желтоқсан - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығында қазақ тілін үйренуші шетелдік студенттер арасында арасында 3-ші халықаралық байқау ұйымдастырды.

Байқауға Бейжің тіл және мәдениет, Далянь шет тілдер университеттерінің студенттері, Корея Республикасы, Жапония, Таиланд, Ресей және Қытайдан келген студенттер, сондай-ақ қызығушылық танытқан Қытай азаматтары қатысты. Қонақтар қатарында жергілікті академиялық, қазақ БАҚ өкілдері мен Қазақстандық студенттер болды.

Қатысушылар алдында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев құттықтау сөз сөйледі. Қытай тарапынан Бейжің шет тілдер университеті жанындағы Қазақстан зертеу орталығының басшысы Сун Фань және Далянь шет тілдер университетінің мұғалімі Лоу Йихуа сөз сөйледі.

Конкурстық бағдарлама аясында қатысушылар зияткерлік тапсырмаларды және шығармашылық қойылымдарды тамашалап, іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Конкурс қазақ тілі мен мәдениетін шетелде ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.

1 және 2 конкурстар Бейжің шет тілдер университетінде және Сиань шет тілдер университетінде 2023 және 2024 жылдары өткізілген болатын.