
Барселона, 2025 жылғы 25-26 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаевтың Каталония автономдық қауымдастығына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Каталония Үкіметінің (Женералитет) басшылық құрамымен бірқатар кездесулер өтті. Бас хатшы Хавьер Вильямайормен, Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Жауме Дукпен және Жоғарғы оқу орын мен білім беру жөніндегі Бас хатшы Ориол Эскардибулмен өткен келіссөздер барысында өңірмен экономикалық және білім салаларындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Каталония кәсіпкерлер қауымдастығымен (FemCAT) өткен кездесуде компаниялардың Қазақстанға инвестиция мен технология тарту маңыздылығы аталып өтті. Тараптар білім беру және цифрландыру бағыттарындағы бірлескен жобалар мүмкіндігін жеке қарастырды.
Келіссөздердің маңызды нәтижелерінің бірі – Барселонаның Туризм, қонақжайлық және гастрономия университетімен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілілді.
Сапардың негізгі іс-шарасы «FOMENT» – Каталонияның жетекші іскерлік қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған бизнес-форум болды. Ашылу рәсімінде Елші еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері, бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы айтып, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын Транскаспий көлік дәлізі арқылы транзиттік тасымалдаудағы өсіп келе жатқан рөлін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ-ның өкілі Алтынай Мұқанова Республикамыздың инвестициялық әлеуеті туралы презентация жасаса, «Roca Group» Бас атқарушы директоры Альберт Магранс және «Glovo» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Карлос Силван қазақстандық нарықтағы табысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, каталондық бизнес өкілдерінің Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша 2026 ж. өңір компанияларының Қазақстанға іскерлік миссиясын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Іс-шара қарсаңында Д.Мұсаев жергілікті «ETV» телеарнасына сұхбат берді.