Монако Князі Өңірлік климаттық саммитке шақырылды

Монако Князі Өңірлік климаттық саммитке шақырылды

Монако, 2025 жылғы 18-19 қараша – Монакоға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Князь II Альбертің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Жюли Донати Аллеграмен, сондай-ақ Үкімет кеңесшісі – Сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі министрі Изабель Берро-Амадеймен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке қатысу үшін Князь II Альбертке арналған ресми шақыруын тапсырды.

Сонымен қатар экономика, экология, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің одан әрі өзара іс-қимылы қарастырылды.

Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Монаконың өзара серіктестігін кеңейту мен нығайтуға ортақ ниеттерін білдірді.