
Гонконг, 2025 жылғы 16 қараша – Гонконгта Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі «Asia+ халықаралық фестивалі» өтті. Шараға ондаған мемлекет қатысып, өздерінің бай мәдени мұрасын ұсынды. Фестивальге қазақстандық студенттер мен Қазақстанның Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулдығы қатысты.
Бас консулдық іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның бай көшпелі мұрасы, көркемдік дәстүрлері мен заманауи мәдениет саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, ұлттық аспаптар мен бишілердің өнері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Қонақтар Қазақстанның қойылымдарының орындау шеберлігі мен көрсетілген дәстүрлердің бірегейлігіне ерекше назар аударып, жоғары бағалады. «Asia+ фестивалі» Қазақстанның Азия аймағындағы танымалдығын арттыруға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Мәдениет департаменті ұйымдастырған «Asia+ фестивалі» - 30 азиялық елдің өкілдері мен 30 000-нан астам қонақтарды біріктіріп, өңірдің бай мәдени алуантүрлілігін таныстыратын маңызды алаң.