Эскишехир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды

Эскишехир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды

Эскишехир, 2025 жылғы 24 қазан –­ Түркия Республикасының Эскишехир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Эскишехир провинциясының губернаторы Хүсейін Аксой және Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев қатысты.

Құрметті консулдықтың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Жаңа консулдық кеңсе екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім саласындағы байланыстарды дамытуға, сондай-ақ өңірде тұратын Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталады.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Құрметті консул Эрдоған Йылдырымға консулдық патентті табыстады.

Эскишехирдегі консулдықтың қызметі Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды тетігіне айналып, ортақ бастамалар мен жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.