
Веллингтон, 2025 жылғы 3 қараша – Жаңа Зеландия астанасында Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы Елшісі Асқар Құттықадамның Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Уинстон Питерспен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында Елші Жаңа Зеландия тарапын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының өзекті үрдістерімен, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы пікір алмасып, оны сауда-экономикалық, инвестициялық, білім және мәдени-гуманитарлық салаларда одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылауға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс деңгейіндегі диалогты қолдауға және ұсыныстармен жедел алмасуға дайын екендіктерін растады.