Қазанда Республика Күніне орай салтанатты іс-шаралар өтті

Қазанда Республика Күніне орай салтанатты іс-шаралар өтті

Қазан, 2025 жылғы 31 қазан – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулдығы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырды.

Ш.Маржани атындағы Тарих институтының қолдауымен «XX-XXI ғғ. тоғысындағы Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР-ның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Ғылым академиясының вице-президенті Айнур Тимерханов, Тарих институтының директоры Радик Салихов, Татарстан халықтары Достығы үйінің директоры Тимур Кадыров, қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы жастар қанатының төрайымы Рената Исмурзаева, сондай-ақ ғалымдар, оқытушылар мен студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Екі республиканың ғалымдары мен сарапшылары кірген қатысушылар ғылым, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Негізгі назар өнеркәсіптік серіктестікке, бірлескен зерттеулерге, студенттер алмасуға және мәдени мұраны сақтауға аударылды. Рафаиль Шайдуллин татар энциклопедиясы туралы, ал Игорь Прохоров Татарстандағы Қазақстан туралы мұрағат материалдарын жария еткен жетекші мамандар сөз сөйледі. Сондай-ақ демографиялық үрдістер және екі халықтың көрнекті қайраткерлерін зерттеуде ғалымдардың ынтымақтастығы талқыланды. Дөңгелек үстел Татарстан мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған қазақстандық делегацияның Қазанға сапары өтті, оның аясында Татарстанда Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өткізілді.

Делегация ТР Раисі Рустам Миннихановпен, ТР Инвестициялық даму агенттігінің төрайымы Талия Минуллинамен, ТР Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шамиль Агеевпен кездесулерге қатысты. Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жақсы динамикасын, өнеркәсіптік кооперациядағы бірлескен жобалардың табысты іске асырылуын және мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюын атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысына ресми сапар ұйымдастыру және Сабантой өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сапар аясында бизнес-форум ұйымдастырылып, Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан кәсіпорындарының экспорттық, инвестициялық және туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті. В2В кездесулері өтіп, іскерлік делегациялардың өзара сапарлары және екіжақты сауда байланыстарын дамыту мәселелері талқыланды. IT, өндіріс, білім беру және мәдениет салаларында бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, «Химград» технополисінің, Б.Рамеев атындағы IT-паркінің, «Идея» технопаркінің, «Қазан май комбинаты» АҚ, «Казанькомпрессормаш» АҚ және Иннополис университеті жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды.

Дәл осы күні Қазан Кремлінде М.Жұмабаевқа және «Ботай-Ұлы дала мәдениетіне» арналған көрме, сондай-ақ Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының концерті және қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татыру ұйымдастырылды.