
Сан-Франциско, 2020 жылдың 16 желтоқсаны - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.
Сан-Францисконың мэры Лондон Н. Брид осы күнді қалада АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық күні ретінде жариялау туралы құжатқа қол қойды.
Былтыр басталған бұл іс шара АҚШ-тың батыс жағалауында жылсайынғы әдетке айналуда. Бұл екі ел арасындағы саяси, мәдени ынтымақтастықты нығайтып, халықтар арасындағы достықты арта түсіретінін айта кеткен жөн.