
Сиань, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы Сиань Шет тілдер университеті ұйымдастыруымен өткен «Жібек жолы бойындағы Біріккен ұлттар ұйымының моделі 3-ші Халықаралық конференциясына» белсенді қатысты. Іс-шараға «Орталық Азия – Қытай» форматының хатшысы Сунь Вэйдун, Шэньси өңірінің білім беру басқармасының басшысы Ван Хайбо, Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Лян Фэн, Халықаралық ұйымдардың өкілдері басты қонақтары ретінде шақырылды.
Конференцияда Орта Азия елдерінің және жергілікті студенттері «Халықаралық басқару жүйесін реформалау және көпжақтылықты жаңғырту», «Климаттың өзгеруі және орнықты даму» сияқты жаһандық маңызы бар тақырыптарды қарастырып, БҰҰ регламентіне сәйкес түрлі елдердің жастарына ашық және инклюзивті пікір алмасуына арналған жиын өткізді. Аталған шарада Елордамыздың Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара аясында өңірдегі қазақ студенттеріміздің белсенді бөлігі және университет ұстаздарының бастамасымен, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар Қоры» КеАҚ мен «Damu Buisiness Group» кәсіпкерлер одақтастығының демеуімен Қазақстанды зерттеу орталығы қазақ әдебиетінің үздік 100 туындыларымен толықтырылды. Бас консулдық ресми түрде Сиань Шет тілдер университетінің ректоры У Яоуға қазақ тілінде білім алып жүрген қытайлық студенттердің назарына қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын табыстады.
2015 жылдан бастап Қытайдың бірқатар жоғары оқу орындарында (Бейжің, Далянь, Шанхай және Сиань қалалары) ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен Бас консулдықтың қолдауымен ашылған «Қазақстан орталықтары» жұмыс істейді.