Қазақстан мен Хорватия денсаулық сақтау саласындағы ынтамақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Хорватия денсаулық сақтау саласындағы ынтамақтастықты нығайтуда

Загреб, 2025 жылғы 21 қазан – Қазақстанның Елшісі Дәулет Батырашевтың Хорватия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ирена Хрстичпен кездесуі өтті.

Сұхбаттасушылар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Екі елдің келісімшарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселелеріне, сондай-ақ профильдік органдар арасындағы тәжірибелік өзара әрекетті дамытуға, соның ішінде ғылыми білімдер, алдыңғы қатарлы технологиялар және медицина мен денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға арнайы назар аударылды. Хорватиялық саясаткер өз елінің цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесі, оның ішінде телемедицинаны дамыту туралы мәлімдеді және профильдік ведомстволар арасында сарапшылармен алмасуға дайын екенін білдірді.

Қазақ дипломаты денсаулық сақтау саласындағы өзара әрекеттестік екіжақты қарым-қатынастың барлық спектрін тереңдетуге ықпал ететінін және екі елдің гуманитарлық байланыстарын нығайтуға және тұрақты дамуға деген ортақ ұмтылысын көрсететінін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты екіжақты құжатқа қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.