Амман, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Мәдениет министрлігінің Бас хатшысы (Министрдің орынбасары) доктор Нидаль Ибрагим Әл-Айасрамен кездесті.
Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде 2025 жылғы 27 тамызда Иордания Королі Абдалла II-нің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде қол қойылған ҚР Президентінің Архиві мен Иордания Ұлттық кітапханасы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген шараларды іске асыру жөніндегі шараларды талқылады. Осы тұрғыда шарттық-құқықтық базаны дамыту және жаңа меморандумдар дайындау, оның ішінде бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыру қажеттілігі аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сұхбаттастар жұмыс деңгейіндегі диалогты қолдауға және ұсыныстармен жедел алмасуға дайын екендіктерін растады.