Қазақстан EW4All бастамасы бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты

Қазақстан EW4All бастамасы бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты

Женева, 2025 жылғы 13-24 қазан – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі Дүниежүзілік метеорологиялық конгресс (ДМО) аясындағы «Баршаға арналған алдын-ала ескерту жүйелері» (EW4All) бастамасы бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты.

Қазақстанның бұл іс-шараға қатысуы елдің климаттық орнықтылықты арттыруға, ұлттық гидрометеорологиялық жүйелерді дамытуға және ДМО аясындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан Оңтүстік Кавказ аймағындағы EW4All өңірлік бастамаларына да қатысуда.

Биылғы жылы негізгі назар гидрометеорологиялық қызметтердің цифрлық трансформациясына, климаттық бейімделу мәселелеріне және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің 2022 жылғы «Баршаға арналған ерте ескерту жүйелері» (EW4All) жаһандық бастамасын кеңейтуге бағытталған.

EW4All бастамасының негізгі мақсаты – 2027 жылға дейін әлемдегі әрбір мемлекет пен әрбір адамның ауа райы мен климаттық қатерлер туралы ерте ескерту жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл бастама ДМО, ЮНЕП, Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО), БҰҰ-ның апаттардың алдын алу жөніндегі басқармасы (UNDRR) және басқа да ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.