Ташкент, 2025 жылғы 17 қазан – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті.
Келіссөздер барысында биік және жоғары деңгейлердегі алдағы іс-шаралар қарсаңында тараптар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2024 жылғы тамыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды орындау бойынша екі елдің Үкіметтері арасындағы Жол картасы тармақтарын іске асырылу барысын талқылады.
Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы, атап айтқанда ірі қара мал өсіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі жобаларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Тараптар инновациялық технологияларды енгізудің, тәжірибе алмасудың және аграрлық саладағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Б.Атамқұлов өзбек ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кәсіпкерлерін 2025 жылғы 20 қазанда Ташкент қаласында өтетін «Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына» белсенді қатысуға шақырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Тараптар пәндік диалогты жалғастыруға және екі елдің бейінді ведомстволары мен бизнес-топтары арасындағы өзара іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге келісті.
2025 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі тауарлары сұраныс тұрақты өсіп келе жатқан астық, ұн, ет және қант болып қала береді. Қазақстан Өзбекстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жетекші импорттаушылардың үштігіне кіреді.