Шэньси өңірінде ҚР-мен инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету бойынша жұмыс тобы құрылды

Шэньси өңірінде ҚР-мен инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету бойынша жұмыс тобы құрылды

Сиань, 2025 жылғы 17 қазан – Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаевтың төрағалығымен өткен «дөңгелек үстелге» Шэньси провинциясының Халықтық үкіметінің Сыртқы істер басқармасы директорының орынбасары Лян Фэн, Сауда басқармасы басшысының орынбасары Ван Хунсюе, Халықаралық сауданы ілгеріту комитеті төрағасының орынбасары Чжэн Цзяньшэ және басқа да мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесу барысында 2025 жылға жоспарланған шараларды ұйымдастыру мен өңіраралық іс-сапарларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстың жетістіктері аталып өтті. Ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі ретінде Шымкент қаласында қалдықтарды қайта өңдеу негізінде электр энергиясын өндіретін зауыт құрылысын салу жобасына Шэньси үкіметінің 100 млн доллар көлемінде инвестиция салғаны айтылды.

Осыған орай Қазақстан мен Шэньси провинциясының арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктері талқыланды (ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, дәстүрлі қытай медицинасы, цифрландыру және т.б. бағыттар). Қытай тарапына АО «ҰК «Kazakh Invest», министрліктер мен әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту және Қазақстанда өндірісті дамыту бағыттары таныстырылды.

Бас консул мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевпен Жолдауында аталған Алатау City бизнес-белсенділік және инновациялар орталығын салуды іске асыру, терең өңделген өнімдерді шығару, агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да жоғары технологиялық өндіріс салаларындағы нақты жобаларға инвестициялаудың тиімділігін қатысушыларға түсіндірді.

Осыған орай «дөңгелек үстел» қатысушылары ақпаратпен алмасу, шараларды жоспарлау және жобаларды кезеңмен жүзеге асыру мақсатында үкіметтік жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Алғашқы кезеңде, Шэньсидің 40 кәсіпорыннан жасақталған бизнес делегациясы 2025 жылғы қарашада Түркістан халықаралық инвестициялық форумына қатысуды және Алматы қаласының әкімдігімен ынтымақтастықты талқылауды жоспарлауда.