Масқатта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Масқатта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Масқат, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды ілгерілету министрінің орынбасары Ібтисәм бинт Ахмед Әл-Фаруджимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2025 жылғы 2 желтоқсанда Масқат қаласында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындық жұмыстары аясында сауда-экономикалық саладағы келешегі зор бағыттар мен екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.

Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына қызығушылық танытып, екі елдің қажеттіліктері мен экономикалық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында қазақстандық министрліктер мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің делегацияларын Масқатта қабылдауға дайын екенін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысында жан-жақты талқылау мақсатында  және сыртқы сауда байланыстарды жандандыру жөніндегі тиісті ұсыныстардың кешенін даярлау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.