Анкара, 2025 жылғы 14 қазан – Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы, Республика күні және «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында Қазақстанның атынан түркі әлемі мәдениетінің қара шаңырағы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға тарту етілген қазақтың киіз үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Анкара Губернаторы Васип Шахин, Әділет және даму партяисы төрағасының Түркі мемлекеттерімен байланыстар бойынша орынбасары Кюршад Зорлу, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, Түркия Сыртқы істер министрі өкілдері, Түркі мемлекеттерінің Елшілері, дипломтаиялық корпус пен мәдениет өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қазақ делегациясы қасиетті киіз үйдің сыйға тартылуы бүкіл түркі мемлекеттерінің бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтастықта болсын деген ниет екенін атап өтті.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан ТҮРКСОЙ ұйымын құрушы елдердің бірі ретінде түркі әлемінің мәдени ынтымақтастыына ерекше мән беретінін жеткізді.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Қазақстанға бұл керемет сый-құрметі үшін алғыс білдіріп, «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткен 30-ға жуық ірі іс-шараларды жоғары бағалады.
Іс-шара барысында қонақтар Қазақстанның туристік жерлеріне арналған көрмені аралап, қазақ дастарханынан дәм татты.