Нью-Дели, 2025 жылғы 6 қазан – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев «FICCI» сауда-өндірістік палатасы мүшелерімен кездесті, оның барысында бірлескен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу үнді тарапының бастамасымен өтіп, экономиканың түрлі салаларынан 30-ға жуық жетекші компанияларды жинады.
А.Есқараев өзінің кіріспе сөзінде қатысушыларды екі ел арасындағы ағымдағы экономикалық жағдаймен, сондай-ақ Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалдың артықшылықтарымен таныстырды. Ел аумағында жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен бірге қазақ дипломаты қазіргі кезеңде сауда-экономикалық әлеуеттің мүмкіндіктері толық іске асырылмай отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларына дейін өсу мүмкіндігі бар.
Өз кезегінде үнді компанияларының басшылары шетелдік инвесторларды қолдау құралдары туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Кездесу барысында құрылыс, IT, фармацевтика, туризм, өнеркәсіп, жаңартылатын энергия көздері сияқты және т.б. экономика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында бірқатар сәтті кездесулер өтті, олардың барысында үнді компанияларының өкілдеріне тиісті инвестициялық тизерлер берілді.
Сонымен қатар «FICCI» сауда-өндірістік палатасының басшылығы осы жылдың соңына дейін үнді компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарлары туралы мәлімдеді.
Үндістанның сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы (FICCI) 1927 жылы құрылды және Үндістанның ең ірі және көне жоғарғы іскерлік ұйымы. FICCI құрамына жеке және мемлекеттік коммерциялық компаниялар, сондай-ақ Үндістанның әртүрлі штаттарының халықаралық компаниялары және өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталары кіреді - барлығы 300 мыңға жуық мүше.