Абу Даби, 2025 жылғы 9 қазан – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Елшісі М.Әбделсаламға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына тұрақты түрде белсенді қатысып жүргені үшін ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Бас хатшы Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетудегі бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуырда Астанада өткен Съезде көтерілген идеялар Мұсылман ақсақалдар кеңесінің ұстанымдарымен сәйкес келетінін, толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру жолында Қазақстанмен бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты.