Исламабадта Қазақстанның реформалары мен сыртқы саяси бағыты талқыланды

Исламабадта Қазақстанның реформалары мен сыртқы саяси бағыты талқыланды

Исламабад, 2025 жылғы 7 қазан – Пәкістанның беделді талдамалық орталықтарының біріне жататын Исламабад Саяси зерттеулер институтында (IPRI) «Болашақты бірге құру – Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарды дамыту болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шараға Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігінің және талдамалық орталықтардың басшылары, озық БАҚ және т.б. қатысты.

Іс шараның құрметті қонағы ретінде Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджа, сондай-ақ Пәкістанның бұрынғы Ақпараттық және телерадио хабарларын тарату министрі, ПИР Парламенті Сенатының Қорғаныс комитетінің бұрынғы төрағасы Мушахид Хусейн Сайед сөз сөйледі.

Қазақ тарапынан іс-шараға онлайн форматта қатысу үшін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының, сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталықтың талдаушылары шақырылды.

Пәкістан тарапынан спикерлер ретінде Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, IPRI және Біртұтас тағдыр қауымдастығы зерттеу орталығының басшылығы қатысты.

Іс шара барысында тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының ережелерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII сезінің қорытындыларын, сондай-ақ Қазақстан-Пәкістан екі жақты қарым қатынастарды дамыту қарқынын талдады.

Елші Ержан Қыстафин өзінің сөзінде іс-шараға қатысушыларды екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытумен таныстырып, өткен және 2025 жылға жоспарланған іс-шараларға тоқталды.

Өз кезегінде спикерлер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, елдің жасанды интеллектті дамытуға, сондай-ақ мемлекетті өңірлік көлік-логистикалық хабқа айналдыруға бағытталған ұмтылыстарын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы да айтылды.

Дәлірек, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша бас директоры Хасан Али Зайгам Қазақстан Пәкістан үшін аймақтағы стратегиялық әріптес екенін атап өтіп, Исламабадтың Қазақстан-Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты бойынша теміржол салу бастамасын табанды түрде қолдайтынын айтып, ел басшылығы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.

Астанада өткен діни саммитке келсек, дөңгелек үстелге қатысушылар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, жалғасып жатқан конфессияаралық қақтығыстар жағдайында қазіргі халықаралық аренадағы ахуал кезіндегі оның өзектілігіне тоқталды.

Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта отырып, спикерлер оның шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған прагматикалық және теңгерімді сипатын атап өтті.