Ар-Рияд, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс және өнеркәсіптік шешімдер саласындағы жетекші компанияларының бірі «Al Busaili» компаниясының Төрағасы Әли Әл-Бусейлимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық кәсіпорындар мен «Al Busaili» компаниясы арасында ынтымақтастық орнату мәселелеріне басты назар аударылды.
Ә.Әл-Бусейли компанияның қызметімен таныстырып, қазақ тарапымен екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде, Елші ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.