Қазақстан Гонконгта төмен биіктіктегі экономика туралы көзқарасымен бөлісті

Қазақстан Гонконгта төмен биіктіктегі экономика туралы көзқарасымен бөлісті

Гонконг, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Гонконг және АӘА-ғы Бас консулы Бауыржан Досманбетов «Бір белдеу, бір жол» экономика конференциясына қатысты. Форумға аймақтың жетекші сарапшылары мен ұшқышсыз ұшу аппаратарын (ҰҰА) әзірлеуші мамандары жиналып, төмен биіктіктегі технологиялар мен экономика болашағын талқылады.

Өз сөзінде Бас консул ҰҰА және басқа төмен биіктіктегі технологиялардың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында белгіленген ұлттық басымдықтарды іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оларға цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту және өңірлік байланыстарды нығайту кіреді. Қазақстанның кең аумағын ескере отырып, бұл технологиялар ауыл шаруашылығы, логистика және табиғи ресурстарды бақылауда аса қажетті.

Сонымен қатар дипломат «Alatau City» жобасының төмен биіктіктегі жаңа технологияларды енгізуге арналған пилоттық алаң болу әлеуетіне ерекше назар аударды. Қазақстандағы төмен биіктіктегі экономиканың қарқынды дамуын ескере отырып, шетелдік серіктестер бұл салада ынтымақтастық орнатуға қызығушылықтарын білдірді.

Төмен биіктіктегі экономика – коммерциялық және азаматтық мақсатта төменгі биіктіктерде (1000 метрге дейін) ауа кеңістігін пайдалануға негізделген экономиканың саласы.