Қазан, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов өндірістік және инновациялық бизнеспен айналысатын Татарстан жетекші компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
«ИДЕЯ» инновациялық технопаркінің Бас директоры Диас Сафинмен кездесу аясында инфрақұрылыммен, зертханалармен, өндірістік қуаттармен және инновациялық қызметті ұйымдастырудың тәсілдерімен таныстырылды. Бірлескен жобалардың, атап айтқанда, Қазақстанда «Идея» резиденттерін әзірлеу және өндіру орталықтарын ашу және Қазақстан мен Ресей мүддесінде бірлескен ғылыми-зерттеу, және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды құру перспективалары талқыланды. Делегациялар алмасудан бастап «Ресейлік венчурлік форум» және «KazanForum» сияқты ірі іс-шараларға қатысуға дейін жүйелі өзара іс-қимылды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«ТЭМПО «холдингтік компаниясы» АҚ Бас директоры Фаил Шарифуллин және «ТЭМПО» ТК директорлар кеңесінің Төрағасы Рүстем Шарифуллин Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы хабарлады. Компанияның жоспарында Қарағанды облысының Сарань қаласында инвестициялық жобасын жүзеге асыруы бар.
«Идея» технопаркі Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен құрылды және 2004 жылғы 5 ақпанда жұмысын бастады. Технопарктің инфрақұрылымы шағын инновациялық кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті қызметтер мен сервистердің толық кешенін көрсетуге мүмкіндік береді.
«ТЭМПО» компаниясының тобы – ірі өнеркәсіптік концерндердің бірі. «ТЭМПО» компаниялар тобының әрбір кәсіпорны толық өндірістік циклді дербес жүзеге асырады және экономиканың түрлі салаларына бағдарланған өнім шығарады.