Киевте Қазақстанның конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды

Киевте Қазақстанның конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды

Киев, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы Ахмед Тамиммен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында қазақ дипломаты Астанада әлемнің 60 елінен 100-ден астам делегацияны жинаған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары туралы айтып берді. Алғаш рет Съезд алаңында БҰҰ Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғауға арналған арнайы сессиясы, сондай-ақ Жас діни лидерлерінің форумы өткізілгені аталып өтті.

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің күш-жігерін бейбітшілік пен тұрақтылықтың ортақ мүдделері үшін біріктіру мақсатында Съезд қамқорлығымен жаһандық «Бейбітшілік қозғалысын» құру жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, әлемдегі зорлық-зомбылықтың шиеленісуі мен геосаяси тұрақсыздықтың өсуі жағдайында рухани дипломатияның маңызды рөліне назар аударды.

А.Тамим Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаһандық дінаралық диалогты нығайтудағы рөлін, сондай-ақ Қазақстан басшылығының бастамасын және сегізінші форум қорытындысы бойынша қабылданған «Астана бейбітшілік декларациясы - 2025» жоғары бағалай отырып, Астанадағы Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен өзара әрекеттестік орнатуға үлкен қызығушылық білдірді.