Претория, 2025 жылғы 1 қазан – Оңтүстік Африканың әкімшілік астанасында Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов ОАР-дың коалициялық Үкіметіндегі «Африка ұлттық конгресі» ірі партиясының Бас қазынашысы Гвен Рамокгопамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын талқылады. Партияаралық және парламентаралық қатынастарды дамыту, бизнес, экономика және сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, ғылым, білім және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.
Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка тарапын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды. Талқылау «Ақылды қалалар» (Smart City) моделі бойынша заманауи қалалық жүйелерді дамыту, қалалық ортаны басқаруға цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ өңірлік байланыс пен орнықты экономикалық өсу элементі ретінде көлік дәліздерін мәселелеріне ерекше тоқталды.
Өз кезегінде Оңтүстік Африка саясаткері екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде тәжірибе мен білім алмасу форматын дамыту арқылы одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.