Пенза, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Пенза облысына сапары аясында Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов облыс өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, облыс Губернаторы Олег Мельниченкомен, Үкімет Төрағасының орынбасары Алмаз Хакимовпен, «Пенза облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының Төрағасы Олег Подобедпен, Пенза мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Дмитрий Артамоновпен, «MSK» компаниясының басшысы Артаком Вардикян және т.б.кездесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Пенза облысы арасындағы делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, жемісті сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты атап өтті. Қазақстан сыртқы сауда айналымында Пенза облысының шетелдік серіктестері арасында жетекші орынға ие және өнім Қазақстан Республикасына мүмкін болатын 97 тауарлық позицияның 60-ы бойынша жеткізіледі, оның ішінде жиһаз, ағаш және ағаш өңдеу бұйымдары, жабдықтар мен механикалық құрылғылар, фармацевтикалық өнімдер бар. Өз кезегінде облыс Қазақстаннан сусындардан, ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінен бастап қымбат емес металл бұйымдарына дейін өнім импорттайды. Өңір Қазақстанның 60-қа жуық студенті оқитын білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі.
Бұдан басқа қазақ дипломаты жергілікті іскер топтармен жеке кездесулер өткізіп, «МедИнж» медициналық бұйымдарының, «Умелец» пластмасса бұйымдарының және «MSK» ағаш құрылыс конструкциялары мен жиһаздарының жоғары технологиялық өндірісіне маманданған кәсіпорындарда болды.
Сапар соңында облыстың түрлі ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өтті, оның барысында өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы аясындағы басымдықтар мен міндеттер, Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді.