Женева, 2025 жылғы 26 қыркүйек – Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (IPCC) төрағасы Джим Скэймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруімен күрестегі жаһандық күш-жігер аясында Қазақстан мен IPCC арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Әңгіме барысында климаттық саясатты ғылыми негізде қалыптастыру, Орталық Азия елдерінің климаттық зерттеулер саласындағы әлеуетін арттыру және қазақстандық сарапшылардың IPCC жұмысына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Қ. Төребаев Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен климатқа бейімделу жөніндегі ұлттық шараларды іске асыруға бейілділігін атап өтіп, бұл бағыттағы IPCC тарапынан көрсетілетін ғылыми қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Джим Скэй Қазақстанның ұлттық сарапшыларын IPCC-дің бағалау және арнайы есептерін дайындау жөніндегі авторлар ұжымдары мен жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысуға шақырып, IPCC бағдарламалары мен халықаралық ғылыми алаңдар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.