Ар-Риядта тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Ар-Риядта тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Ар-Рияд, 2025 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Ajlan & Bros Mining & Metals» компаниясының Бас атқарушы директоры Фахд Әл-Энезимен келіссөздер өткізді.

Сұхбат барысында тараптар тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.

Фахд Әл-Энези Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, тұрақты экономикалық саясатын және қолайлы бизнес-климатын жоғары бағалап, қазақстандық компаниялармен әріптестік орнатуға мүдделілігін білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.