Иорданияда Қазақстанның инвестициялық бастамалары таныстырылды

Иорданияда Қазақстанның инвестициялық бастамалары таныстырылды

Амман, 2025 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай жаңадан тағайындалған Иордан Хашимит Корольдігінің Инвестиция министрі Тарек Абу Газалимен екіжақты инвестициялық әріптестікті кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, фармацевтика және басқа да салалардағы  қызығушылық білдірліген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы өзара іс-қимылдың маңызы аталып өтті.

Елші иордан тарапын ақпараттық және презентациялық материалдармен, оның ішінде салалар бойынша ұсыныстармен (инвестициялық тапсырыстарды) тыныстырып, сондай-ақ 2025 жылғы 31 қазанда өткізуі жоспарланған қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі «дөңгелек үстел» (KGIR) туралы хабардар етті. Ол Қазақстан Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қабылдап жатқан шараларына кеңінен тоқталып, Министрді еліміздің экономикалық өсу қарқынымен, перспективалы салаларымен және екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарымен таныстырды.

Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.

Министр 2025 жылғы 27 тамызда Иордания Королі Абдалла II-нің Қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті. Ол сапар аясында өткен Қазақстан-Иордания бизнес-форумының сәтті өткенін жоғары бағалап, Корольдіктің инвестициялық әріптестікті кеңейтуге, қазақстандық капиталды тартуға және әлеуеті жоғары секторларда бірлескен кәсіпорындар құруға ниетті екенін жеткізді. «Корольдік өзінің іскерлік ахуалын нығайтуға және инвесторларға қажетті көмек пен кепілдіктер беруге ниетті», - деді Т.Абу Газали.

Тараптар инвестициялық ағымдарды жандандыру және Иорданияның іскерлік қауымдастығын екіжақты экономикалық байланыстарды дамытуға тарту үшін қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты байланыстарды қолдауға және инвестициялық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға бағытталған практикалық шараларды бірлесе әзірлеуге өзара қызығушылық білдірілді.