Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде мәскеулік жоғары оқу орындардағы студенттермен кездесу өтті

Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде мәскеулік жоғары оқу орындардағы  студенттермен кездесу өтті

Мәскеу, 2025 жылғы 26 қыркүйек - Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарының (ММХҚИ, РФ СІМ Дипломатиялық академиясы, «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, БМКИ) қазақстандық бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.

Дипломатиялық миссия Басшысы студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуда табыс тіледі. Елші Қазақстанның мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша соңғы бірнеше жылда елімізде бірқатар әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғаны аталып өтті. Осы тұрғыда Елші Мемлекет басшысының жақында Қазақстан халқына Жолдауындағы экономиканы ауқымды түрде цифрлық жаңғырту жағдайында адами капиталды дамытуға қатысты жаңа міндеттерді аса маңызды деп атады.

Қазақ дипломаты сапалы білім алу қажеттігіне аса көңіл бөліп, жас ұрпақтың еліміздің одан әрі дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Д.Абаев жастарды оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыруда мемлекет тарапынан қолдау көрсету және қолайлы жағдайлар жасау жалғастырылатынына сендірді.

«Естеріңізде болсын, сіздердің әрқайсыңыз өз халқының өкілісіздер. Сіздерге қарап біздің еліміз бен ұлтымызды бағалайды. Оқуды бітіргеннен кейін алған білімдеріңізді Отанымыздың игілігі үшін қолданасыздар. Мемлекеттің жетістігі сіздердің алған білімдеріңізге байланысты болмақ», - деп атап өтті Елші.

Іс-шараның соңында студенттерді қызықтырған тақырыптар бойынша «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу өтті.