Мәскеу, 2025 жылғы 26 қыркүйек - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаттары, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары «Чистые Пруды» бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара биыл атап өтілудегі қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 180 жылдығы аясында өтті.
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Абай Пушкиннің және басқа да классиктердің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ халқын әлемдік мәдениетпен таныстырғанын атап өтті. Депутаттың пікірінше, Қазақстаннан тыс ақынға арналған ескерткіштердің ішінде ең үздіктерінің бірі Мәскеуде орнатылған.
Өз кезегінде, Мемлекеттік Думадағы «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі Владимир Васильев балалық шағында анасының оған Абайдың өлеңдерін оқығанын есіне алды. Ресей депутаты бүгінде екі ел парламентшілерінің халықтарымыздың мүддесі үшін бірлескен жұмысты жалғастырып жатқанын ерекше атап өтті.
«Amanat» партиясының делегациясы Мәскеуге «Единая Россия» партиясындағы әріптестерінің шақыруымен барған болатын. Кездесулер шеңберінде фракциялық-партиялық байланыстарды нығайту арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды тереңдету талқыланды.