Қазан, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Татарстан астанасында Қазақстан делегациясының қатысуымен БРИКС+ Бірінші жасөспірімдер фестивалі өтті. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Казандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қызметкерлері Бекзат Нұрбакыт, Ғазиза Бұрханова және Алматы мектептерінің оқушылары кірді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – жастарды ұйымның бағдарламаларына интеграциялау және мәдени және ғылыми жетістіктермен алмасу. Бағдарламада қалалық жоспарлау мәселелері бойынша халықаралық олимпиада, ұлттық киімдер көрмесі, ұлттық әндер конкурсы, тарихи орындарды аралау және қаланың мәдени мұрасымен танысу қарастырылған.
Форум аясында Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшинмен кездесу өтті. Онда 13 жасөспірім әртүрлі елдерден фестиваль туралы өз әсерлерімен бөлісіп, планетаның болашағына деген көзқарастарын баяндап, халықаралық жастар ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның өкілі Жұмабек Қажыгелді болашақ әлем концепциясының негізінде әділдікті ұсынды. Ол: «Бұл әлемде адамның құндылығы оның шығу тегімен емес, іс-әрекеттерімен және идеяларымен анықталатын болады, бұл әділдіктің негізгі негізі болып табылады», деді. Жұмабектің пікірінше, болашақ қалалар толықтай экологиялық таза болады, ал рутиналық жұмыстарды роботтар орындайтындықтан, адамдардың саяхаттауға және жақындарымен қарым-қатынас жасауға көбірек уақыты болады.
Фестивальді ұйымдастырушылар – Қазан қаласының әкімдігі және БРИКС+ елдерінің қалалары мен муниципалитеттер ассоциациясы.
Форум 14-17 жас аралығындағы 150-ден астам қатысушыны жинады, олар 13 елдің 35 муниципалитетін таныстырды.