Абу Даби, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Бас прокуроры Хамад әл-Шамсимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өзара экстрадициялау және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау жөніндегі ықпалдастықтың тиімділігін арттыру мақсатында салалық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Қазақ дипломаты қылмыстық істер бойынша адамдарды ұстап беру және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау кезінде заңдылықтың сақталуына жауапты негізгі ведомство ретіндегі БАӘ Бас прокуратурасының ерекше рөліне назар аударып, көмек көрсетіп жатқаны үшін Хамад әл-Шамсиге алғыс білдірді.
Өз кезегінде, Х. әл-Шамси Қазақстан тарапына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.