Қазақстандық қызғалдақтар Парижде гүлдейтін болады

Қазақстандық қызғалдақтар Парижде гүлдейтін болады

Париж, 2025 жылғы 24 қыркүйек - Париждің 17-ші округіндегі Ваграм алаңында Шымкент қаласы әкімдігі сыйға тартқан қызғалдақ шамдарын табыстау және отырғызу салтанатты рәсімі өтті. Бұл бастама Франция астанасының 17-ші округіндегі Терн алаңында екі жыл қатарынан ұйымдастырылған «Қазақ ауылы» (Village Kazakh) жобасының жалғасы болып табылады.

Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Париждің 17-ші округінің мэрі Жеффруа Буллар, оның орынбасарлары, "QazElles" қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен Қазақстанның достары қатысты.

Жаңаруды, достықты және үйлесімділікті білдіретін қызғалдақ - тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан гүл. Оның Парижде отырғызылуы экономика мен инновациялардан бастап, білім, ғылым және мәдениетке дейінгі негізгі салаларды қамтитын қазақ-француз ынтымақтастығын одан әрі дамытуға деген ұмтылыстың жарқын айғағына айналмақ.

Іс-шара барысында қазақстандық студент Г. Рүстемқызының музыкалық орындауы париждіктерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

2023 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың белгісі ретінде Шымкенттен әкелінген қызғалдақ шамдары Париждің әйгілі Багатель бағына отырғызылған болатын.