Рига, 2025 жылғы 24 қыркүйек - Латвия Республикасының Сеймінде Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Сейм Спикерінің орынбасары және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы Латвия делегациясының басшысы Занда Калниня-Лукашевицамен кездесті.
Елші Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: қазіргі сын-қатерлер және олардың цифрлық трансформация арқылы жүзеге асыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол Қазақстан мен Латвия өз кезегінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу бойынша айтарлықтай әлеуетке және түрлі салаларындағы цифрландыру бойынша табысты тәжірибеге ие екенін атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық, оның ішінде халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін талқылады. Осыған байланысты Страсбургте өтетін алдағы ЕКПА сессиясына қатысты өзекті күн тәртібі бойынша пікір алмасты.