Хорватия парламентінің мүшелері Қазақстан Президентінің Жолдауымен таныстырылды

Хорватия парламентінің мүшелері Қазақстан Президентінің Жолдауымен таныстырылды

Загреб, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Қазақстан-Хорватия парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен өткізген кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және инновациялық дамуды одан әрі жүргізу, экономиканы әртараптандыру және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, транспорт және энергетика секторларын дамыту, саяси жүйені реформалау үдерісін одан әрі жалғастыру, оның ішінде бір палаталы Парламент құру бастамасы жөніндегі негізгі реформалар мен міндеттеріне назар аудара отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша ақпарат берді.

Ынтымақтастық тобының мүшелері Мемлекет басшысының жолдауын жоғары бағалап, Қазақстанда жүзеге асудағы шараларға қолдау білдірді.

Кездесу барысында парламентаралық диалогты тереңдету перспективасы талқыланып, 2026 жылдың бірінші жартысында ҚР Парламенті депутаттарының Загребке іссапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Сұхбаттасушылар алдағы жылдағы сапардың саясат, экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы парламенттік диалогты дамыту және нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.