Исламабад, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық денсаулық сақтау, реттеу және үйлестіру қызметтерінің федералды министрі Сайед Мұстафа Камалмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібі, хирургиялық аспаптар өндірісі және медициналық білім беру салаларын талқылады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша жақын болашақтағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау мақсатында бірқатар консультациялар өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.