Кувейттік «Al Ghanim Industries» компаниясы қазақстандық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді

Кувейттік «Al Ghanim Industries» компаниясы қазақстандық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев «Al Ghanim Industries» компаниясының Бас директоры Махмуд Самарамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық әлеуетті тереңдетуді талқылады, сондай-ақ Қазақстан аумағында агроөңдеу және құрылыс материалдарын өндіру сияқты салалардағы өзара әрекеттестік перспективаларын қарастырды.

Елші Е. Елекеев Қазақстанның осы секторларда жоғары серпінді көрсетіп отырғанын атап өтіп, еліміздегі инвестициялық ахуалдың тартымдылығына назар аударды.

Өз кезегінде, «Al Ghanim Industries» басшылығы берік іскерлік байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға қызығушылық білдірді.

«Al Ghanim Industries» Кувейттегі ең ірі жеке көпсалалы конгломераттардың бірі. 1932 жылы құрылған компания бүгінде әлемнің 40-тан астам елдерінде (олардың қатарында Таяу Шығыс, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар) жұмыс істейді. Оның қызмет салалары энергетика, құрылыс, өнеркәсіптік өндіріс, электроника, автомобиль секторы, бөлшек сауда және қызметтерді қамтиды. «Al Ghanim Industries» халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып табылады және өңірлік экономиканы дамытуға белсенді қатысады.