Ар-Рияд, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы Хасан Әл-Хувейзимен кездесті.
Тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың дамыту жолдарын, соның ішінде Сауд Арабиясы компанияларының Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуын, сондай-ақ өзара бизнес-делегациялар сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Қазақ дипломаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Федерация басшысы бірлескен іс-қимылды кеңейтудің үлкен әлеуетін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті ілгерілетуге мүдделілігін растады.
Кездесудің қорытындысы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін 2025 жылғы қыркүйек айының соңында Корольдіктің Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.