Қазақстан Индонезиядағы кинофестивальге қатысты

Қазақстан Индонезиядағы кинофестивальге қатысты

Джакарта, 2025 жылғы 22 қыркүйек –Джакартада Индонезияның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Arts lumiere Indonesia Festival: Muslim World Movie Screening» Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің кинофестивалі өтті.

ИЫҰ-ның 16 елінен ислам құндылықтарын, бейбітшілікті, адамгершілікті және мәдениетаралық диалогты насихаттайтын 45 фильмнің ішінде режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» қазақстандық тарихи драмасы көрермендер мен сарапшылардың ерекше ықыласына бөленді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақфильм» студиясының қолдауымен түсірілген фильм Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның билік құрған кезеңін баяндайды. Оқиға XV-XVI ғасырларда, мемлекеттің гүлденген кезеңінде, хан Қасым шашыраңқы тайпалардың басын қосып, Ертістен Каспийге, Алтайдан Тянь-Шаньға дейінгі аумақтарды кеңейтіп, дала халқының сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы күрестегі тәуелсіздігін қорғаған кезде өтеді.

ҚР Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде фестивальді ұйымдастырғаны үшін Индонезия Сыртқы істер министрлігіне алғысын білдіріп, кинематография мәдени дипломатияны дамытуда және екіжақты қатынастарды нығайтуда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол бұл фильм Индонезия қоғамындағы Қазақстанның бай мәдени-тарихи мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Джакартада қазақстандық фильмнің премьералық көрсетілімі «Jakarta Arts Building» ғимаратында өтіп, индонезиялық көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрермендер көшпенділер мәдениетінің шынайы суреттелуін, актерлік шеберлігін және қойылымның эпикалық ауқымын атап өтті. Фестивальдың қазақстандық кинематографтың тарихи жадыны сақтаудағы және ИЫҰ елдері арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлі аталып өтті.

Индонезия журналистер қауымдастығының Төрайымы Телли Наталия «Ұлы Дала Таңы» міндетті түрде көруге болатын фильм екенін атап өтті. Ол режиссер Ақан Сатаевтың көрермендерді Еуразия тарихы жасалып жатқан дәуірге жеткізгенін айтты. «Осы фильмнің арқасында мен ұлы хан Қасымның тарихымен таныстым, ол өзінің даналығымен тайпалар арасындағы бейбітшілікті қолдап, гүлденген Қазақ хандығын құрды. Фильмнің арқасында мен өз даналығымен тайпалар арасындағы бейбітшілікті қолдап, гүлденген Қазақ хандығын құрған ұлы хан Қасымның тарихымен таныстым. Фильм сахналары көрермендерді қазақ жерінің керемет сұлулығымен таныстырады. Фильмде көшпенділердің өмірі, атқа міну, аспаздық, музыкалық аспаптар, балалар ойындары және тағы басқалар бар» - деп түйіндеді Т.Наталия.