Рига, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі жергілікті қоғамдық-саяси, бизнес қауымдастығы және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараны барысында Елші Дәурен Кәріпов Жолдаудың негізгі бағыттары және елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен саяси трансформация туралы баяндады. Мемлекет басшысы барлық салаларды жедел цифрландыру бойынша бірқатар ауқымды міндеттер қойғанын және олардың негізінде жасанды интеллект пен IT саласындағы серпінді технологияларды енгізу екенін атап өтті. Бұл бағытта ірі инновациялық жобаларды іске асырып, IT-агломерация мен жоғары технологиялар орталықтарын қалыптастыру көзделуде екендігіне назар аударды.
Қазақстандық дипломат экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын және жаңа генерациялық қуат көздерін салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша қойылған міндеттерге назар аударды.
Елші Жолдауды іске асыру шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ашатынына тоқтала отырып, латвиялық бизнес өкілдерін аталған салалар бойынша бірлескен жобалар арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. Бұл Қазақстан мен Латвия үшін маңызды саналатын салалар – ең алдымен көлік, логистика және IT бағыттарындағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермек.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы өзгерістерге жоғары қызығушылық танытып, Президент көтерген мәселелердің өзектілігі мен уақытылы көтерілгеніне назар аударды. Өз кезегінде Көлік және коммуникациялар институтының профессоры Юрий Маклаков Қазақстанның цифрландыру саласындағы қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталды. «Қазақстанның цифрлық экожүйелерді қалыптастырудағы тәжірибесі Латвиялық серіктестерімен академиялық алмасуға пайдалы болуы мүмкін» – деді профессор.
Латвиялық кәсіпкерлер елімізбен сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға қызығушылықтарын білдіріп, Президент Жолдауының негізгі тұжырымдарына үндес бірқатар бизнес-идеялар ұсынды.