Масқат, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың «Nizwa Bank» Оман ислам банкінің төрағасы, «Maamoura Wheat Trading LLC» Оман инвестициялық компаниясының негізін қалаушы шейх Халед Әл-Халилимен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, Оман тарапы қазақстандық банк саласының жұмысына және Қазақстан экономикасының басқа да едәуір тиімді секторларына инвестиция салу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
А.Тұматов омандық бизнесменді еліміздің банк саласының қазіргі ахуалы және Қазақстанның қаржы нарығын дамытудың негізгі үдерістері туралы хабардар етті. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысынан ұлттық экономиканың бірқатар әлеуетті салаларына тоқталды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның экономикасына Оманның инвестицияларын тарту мәселелерін пысықтау мақсатында ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.
«Maamoura Wheat Trading LLC» компаниясы 2025 жылдың мамыр айында астық және басқа да ауыл шаруашылығы жүктерін темір жол арқылы тасымалдаумен айналысатын «Астық Транс» АҚ-ның 100% акциясына ие болып табылады.