Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Подгорица, 2025 жылғы 11 қыркүйек, – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Периша Кастратовичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде саяси диалогты ілгерілету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Бас консул Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. Өз кезегінде П. Кастратович Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға әзірлігін растады. Атап айтқанда, елдер арасындағы, сауда-өнеркәсіп палаталары, сондай-ақ салалық институттар мен ұйымдар арасындағы тығыз байланыстарды орнату және әртүрлі деңгейдегі өзара сапарларды жандандыруға ниет білдірді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың болашағы зор салалары ретінде білім беру, туризм, энергетика және ауыл шаруашылығы сынды бағыттар атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты одан әрі жалғастыруды және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды іске асыруға келісті.