Оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты

Оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты

Масқат, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстанның Омандағы Елшісі Айдарбек Тұматов «Sohar International» банкінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Әзиз Әл-Джахдамимен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

А. Тұматов еліміздің банк саласының қазіргі жағдайы, оның дамуының негізгі үрдістері, Қазақстандағы қаржы нарығының ірі акторларының активтері мен қызметтері туралы мәлімет берді. Соңғы уақыттардағы  активтер мен таза пайданың ұлғаюы және отандық банк секторын тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді. Қаржы нарығы жаңа цифрлық технологияларды енгізу мен жаңа банк өнімдерінің пайда болуының арқасында белсенді дамуда екендігіне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы ұйымдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жақын арада «Sohar International» банкі делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.