Претория, 2025 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжановтың ОАР СІМ Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі директоры Кгаугела Могашоамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. 2025 жылғы қыркүйекте Вена қаласында өтетін АЭХА Бас конференциясының 69 сессиясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұхбаттастар халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ БҰҰ Жарғысы мен АЭХА ережелерін сақтау мәселелеріндегі қадамдардың сәйкестігін растады. Барлық мүше мемлекеттердің тең және ажырамас құқықтары сенімді дамыту, жаһандық қауіпсіздікті нығайту және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалануды ілгерілету үшін негіз болатыны аталып өтті.
Қазақстан мен Оңтүстік Африка ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл тарихи қадам саяси жауапкершілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысты көрсетті, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі күш-жігеріне айтарлықтай үлес қосты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға және АЭХА шеңберінде серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.