Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 21 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Дэлгэрсайхан Борхумен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені аталып өтті.

Сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.