Словакияда Қазақстанның дінаралық диалог саласындағы бастамалары талқыланды

Словакияда Қазақстанның дінаралық диалог саласындағы бастамалары талқыланды

Братислава, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның мультимәдениеттілікті дамыту, қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған саясатын талқылады.

Сұхбат барысында Я. Фигельге 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне ресми шақыру табысталды.

«FOREF» президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, оны қазіргі сын-қатерлер жағдайында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалады.